Мектепке әкелу туралы электрондық өтініш беру

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ? Қарау
Электрондық өтінішті қалай және қайда беруге болады?

Электрондық өтінішті SAKURA АЖ порталы арқылы беруге болады

Өтінішті кімдер бере алады?

Өтінішті баланың ата-аналары не заңды өкілдері ғана бере алады

Өтініш қай уақыттың ішінде тіркеледі?

Өтінішіңіз 15 минуттың ішінде тіркеуден өтеді

Өтінішті қалай беруге болады? Қарау
Қызметті қайдан алуға болады?

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" МК КЕ АҚ, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы: www.egov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады)

Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан осы портал арқылы берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей

Баланың заңды өкілі деген кім?

Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана, немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген тұлға (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)

Өтінішті кім бере алады?

Қазақстан Республикасының азаматы

ӨТІНІШТІ БЕРЕ АЛМАҒАН БОЛСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ? Қарау
Қандай жағдайларда жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсынудан бас тартылуы мүмкін?

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша.

Заңсыз бас тартылған жағдайда, қайда жолығуға болады?

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы беріледі

Тағы нені білу керек? Қарау
Өтініштің тіркеуге түскенін қалай түсінуге болады?

Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS хабарлама түседі немесе сіз мәртебесін жеке кабинет арқылы тексере аласыз

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты
Көрсетілетін қызметтің атауы

Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

Көрсетілетін қызметті беруші

Мемлекеттік қызметті ауыл, село, ауылдық округтің әкімі көрсетеді

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар (баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері)

Қызмет қайда көрсетіледі
  • 1 "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы", "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы: www.egov.kz
  • 2 Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады)

Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей.

Қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жалпы білім беру ұйымына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама

Қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні

Көрсетілетін қызметтің құны

Тегін

Нормативтік актілер

Қызметтің көрсетілуі көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, оның ішінде мынадай негізгі құжаттар:

  • 1 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158)
  • 2 Мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі, әрбір өңірде өзінің ерекшеліктері бар)
ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІЛІМІ

Осы интернет-портал арқылы электрондық өтініш беру үшін:

  • 1 Туу туралы куәліктің скан-көшірмесі (егер мәліметтері «АХАЖ» МДҚ-да болмаса)
  • 2 Оқу орнынан анықтаманың скан-көшірмесі
  • 3 ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба)

Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс:

Қадам 1
электрондық-цифрлық қолтаңбаның көмегімен авторизациядан өту;
Қадам 2
екі мобильді телефон нөмірін көрсету;
Қадам 3
бала және оның заңды өкілі туралы мәліметтерді көрсету;
Қадам 4
электрондық хабарламалардың өлшемшарттарын ретке келтіру;
Қадам 5
жасалған өтінішті тексеру және оны тіркеуге жіберу;
Қадам 6
ниетіңізді растау, электрондық-цифрлық қолтаңбаның көмегімен өтініш беру.
Күшін жою
Техникалық қолдау қол жетімсіз